Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Приишимка елді мекенінің маңында болған. Toyota Camry автокөлігі жолда Shacman жүк көлігіне соқтығысып, жеңіл көлік лап етіп, отқа оранған. Жүргізушіні құтқару мүмкін болмады.
СҚО Полиция депортаменті баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасын растады.
— 7 ақпанда СҚО аумағында «Жезқазған — Петропавл» автожолында Shacman жүк көлігі мен Toyota Camry жеңіл автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апаты салдарынан Toyota автокөлігінің жүргізушісі мерт болды. Осы дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр, - делінген ведомствоның жауабында.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол жағдайын ескеруге және көлік құралдарының техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауға шақырды.
Бұған дейін Қапшағай су қоймасында жеңіл автокөлік мұзды жарып, суға батып кеткенін жазған едік.