Сонда бүтін отбасын қырып салу міндет пе? . Сотта марқұмдардың туыстары Сәрсемалиевтің уәжін жоққа шығарды

28.05.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Отырыс барысында қаза болғандардың туысы Әдемі Шілмағамбетова сөз сөйледі. Оның айтуынша, отбасы Наурыздың малы сатылып жатқан уақытта күдіктене бастаған.

Ол Наурыздың ұялы телеофонына хабарласқанда байланыса алмағанын, тек өзіне What’sApp арқылы хабарлама келетінін айтты.

Әйелдің айтуынша, Сұлтан Наурыз болып былтыр қарашадан бастап What’sApp арқылы енесі Нәсіп Өтешқалиеваның аяғы ауырып, Ташкентке емге алып бара жатқанын, соған емге қаржы керек болып үйдегі малды сатып жатқанын жазған. 

Шілмағамбетова өз адвокатының сұрағына бұрын-соңды Ақбаяннан күйеуі ұрып-соққаны туралы еш айтпағанын мәлімдеді:

- «Ойлан, неге кетіп жатырсың, бесінші балаға аяғың ауыр ғой» дегенімде ажырасуға Сұлтанның бір әйелмен жатқан фотосын жіберген соң, сондай шешім қабылдағанын айтқанын айтты, - деді.

Ол Сұлтан Наурызды абайсызда өлтірді дегенмен келіспейтінін, Наурыздың өзі келіп тиісетін адам болмағанын жеткізді.

Шілмағамбетова Сұлтанның алдыңғы алдын ала сот отырысында қылмысқа Ақбаянның туыстары араларына түскендіктен барғанына қатысты пікірін айтты:

- Сонда бүтін отбасын қырып салу міндет пе? - деп бұған келіспеді.

Еске сала кетсек, Сәрсемалиев бұған дейін Мақсот Қарабаллинге 9 рет, Насіп Өтешқалиеваға 8 рет, ал Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет пышақ сұққанын мойындаған еді. Ал Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірмегенін айтқан болатын.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

Бүгін, 14:26

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью