Соңғы 10 жылда орман көлемін арттырған 10 ел

25.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қытай, Ресей және Үндістан кейінгі 10 жылда орман алқаптарының өсімі бойынша көш бастады. 2015 жылдан бері орман көлемін арттырған елдер дерегін БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ru.freepik.com

Жасыл желек көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, оттегі бөлетіні белгілі. Адамзат үшін осындай ұшан-теңіз пайдасы бар орман алқаптарының санын арттыруға ондаған ел ден қойған.

Осы істері оң нәтиже көрсетіп отырған 10 ел қатарында: Қытай, Ресей, Үндістан, Түркия, Аустралия, Франция, Индонезия, Оңтүстік Африка, Канада, Вьетнам елдері бар. 

Жеке тоқталсақ Қытай кейінгі 10 жылда орман алқабын – 1,7 миллион гектарға, Ресей – 942 мың гектарға, Үндістан – 191 мың гектарға, Түркия – 118 мың гектарға, Аустралия – 105 мың гектарға, Франция – 96 мың гектарға, Индонезия – 94 мың гектарға, Оңтүстік Африка – 88 мың гектарға, Канада – 83 мың гектарға, Вьетнам – 73 мың гектарға ұлғайтқан.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью