Соңғы 5 жылда қылмыс саны, көшедегі бұзақылық едәуір азайды Тоқаев

24.10.2025

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қауіпсіз әрі әділетті мемлекет болуы үшін «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының маңызын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан қауіпсіз ел болуы керек. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қоғамымыздың басты қағидаты саналатын болды. Осы жұмыстың аясында жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырып, күшейтеміз, онсыз Әділетті Қазақстан туралы айтудың өзі қисынсыз», дейді Президент. 

Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы бес жылда қылмыс саны және көшедегі бұзақылық едәуір азайды, қылмыстық ахуал қатаң бақылауға алынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары азаюда, еліміздің бұл мәселеге қатысты тәжірибесіне шетелдік сарапшылардың ықыласы күшейді.

«Түптеп келгенде, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құру үшін аса маңызды тетік», деді Қ.Тоқаев. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью