Соңғы екі жылда 3 мыңнан астам жетім бала баспаналы болды

31.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Соңғы екі жылда «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатына жататын 3189 қазақстандық Отбасы банктің қолдауымен тұрғын үй мәселесі шешілді. Нәтижесінде, биыл бұл көрсеткіш бес есеге жуық өскен, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Отбасы банк ұлттық даму институты ретінде баспана кезегін қысқартумен қатар, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін де күшейтіп келеді. Осы орайда банк Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға маңызды өзгерістер енгізді.

2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап бала асырап алу немесе қамқоршылық тоқтатылған жағдайда, азамат баспана кезегіне қойылған бастапқы күнін сақтап қалады. Сондай-ақ бөлінетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 20%-ы осы санатқа беріледі. Мысалы, әкімдік 100 жалдамалы пәтер бөлсе, оның 20-сы жетім балаларға тиесілі. Бұдан бөлек, жетім балалар баспана кезегіне туған сәтінен бастап қойыла алады. 18 жасқа дейін ата-анасынан айырылғандар үшін бұл құқық 29 жасқа дейін сақталады, ал әскерге шақырылғандар үшін бұл мерзім қызмет өткеру уақытына ұзартылады. 

Қазір тұрғын үй бөлу үдерісі толық автоматтандырылған. Жүйе азаматтың есепке қойылған күнін, басым санатқа жататынын және табыс деңгейін ескереді. Адамның араласуынсыз жүзеге асатын бұл процесте деректерді тексеру үшін Отбасы банк 15 мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью