Arasha.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Тележурналист Руслан Өтепбай Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты арнайы зерттеу жүргізгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Turkystan.kz.
Журналистің айтуынша, бұл – оның Атыраудағы сапарының соңғы күні. Ол қала мен өңір тұрғындарына ерекше әсер алғанын да жасырмады.
"Бүгін Атыраудағы соңғы күнім. Қала тамаша екен. Тұрғындары тіпті бөлек. Қызыл балықтан бешбармақ жеп, Жайықтың үстінде жаяу жүріп қайттым. Атырауға келу себебім - Жангелдин ауылына барып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Ол туралы келесі апта баяндаймын. Ал ертең Шымкентке барып, қаскөйдің қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасынан сұхбат аламын. Сапарымыз сәтті болғай", - деп жазды ол әлеуметтік жеілдегі парақшасында.