Соңғы миля жобасы бойынша ауылдық елді мекендерге жоғары жылдамдықты интернет жеткізіледі

05.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Кездесу аясында жобаның негізгі міндеттері, оған қатысу шарттары мен іске асыру тетіктері, сондай-ақ байланыс операторларына арналған үлестік гранттар алу бойынша Ашық конкурс өткізу мәселелері қаралды. Жобаға қатысу тек шағын және орта байланыс операторлары үшін көзделгені атап өтілді.

Жоба ауылдық елді мекендердегі телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және ауыл тұрғындарын кемінде 100 Мбит/с жылдамдықтағы интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба шеңберінде Интернетке қолжетімді жергілікті желісі жоқ 1 123 ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салу жоспарланып отыр. 

Талқылауда байланыс операторларының өкілдері жобаны іске асыруға қатысты өзекті мәселелер мен проблемалық аспектілерді көтеріп, техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер бойынша нақтылаушы сұрақтар қойды. Барлық көтерілген сұрақ бойынша тиісті жауап берілді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 445 мыңнан астам үй шаруашылығы жоғары жылдамдықты интернетке қосылып, шамамен 2,3 миллион адам ғаламтор желісіне қол жеткізеді.

Жоба аясында байланыс операторларына расталған капиталдық шығындардың 50%-ына дейінгі мөлшерде қайтарымсыз үлестік гранттар ұсынылады. Құрылыс жұмыстары операторлардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады, ал салынған инфрақұрылым олардың балансында қалады. Қатысушыларды іріктеу тең қолжетімділік, ашықтық және есептілік қағидаттарын сақтай отырып, Ашық конкурс негізінде жүргізіледі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда 504 елді мекен спутниктік интернетке қосылды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью