Соңғы минутта соғылған гол Кот д’Ивуарға жеңіс сыйлады

15.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: Спорт 25

Ойынның басым бөлігінде құрамалар тең ойын көрсетті. Екі команда да қорғаныста сенімді ойнап, қарсыласына гол соғуға мүмкіндік бермеді. Эквадор жылдам қарсы шабуылдарға сүйенсе, Кот-д’Ивуар допты көбірек бақылап, шабуыл ұйымдастыруға тырысты.

Жанкүйерлер ойын соңында шешуші сәттің куәсі болды. 90-минутта жалғыз мүмкіндікті мүлn жібермеген Амад Диалло дәл соққысымен Кот-д’Ивуарға жеңіс сыйлады.

 Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты белгілі болды

Жеңісті ойын африкалық құрама үшін турнирді сәтті бастауға мүмкіндік беріп, топтағы ұпайын түгендеуге жол ашты. Бірінші турда G тобында Германия Кюрасао құрамасын 7:1 есебімен жеңіп, үш ұпаймен көш бастады. Ойыннан соң Кот-д’Ивуар да үш ұпаймен екінші орынға жайғасты.

Ал F тобындағы алғашқы матчта Нидерланд пен Жапония құрамалары жеңімпазды анықтай алмады. АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью