Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Соңғы қоңырау қарсаңында BilimClass платформасы мұғалімдерге арналған ерекше онлайн акцияны іске қосты. Енді оқушылар мен ата-аналар ұстаздарына виртуалды гүл шоқтарын жолдап, алғыс білдіре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Платформа өкілдерінің айтуынша, бұл бастама жыл бойы шәкірттерге білім беріп, қолдау көрсеткен мұғалімдердің еңбегін бағалауға бағытталған.
Виртуалды гүл жіберу үшін пайдаланушылар BilimClass жүйесіндегі арнайы гүл белгішесін басып, қажетті мұғалімді таңдап, тілегін жазып жібере алады.
«Енді әрбір оқушы ұстазын жылдам әрі шығынсыз құттықтай алады. Гүл шоғын сыйлау үшін оқушылар мен ата-аналар BilimClass платформасындағы гүл белгішесін басып, мұғалімдерді таңдап, оларға жүрекжарды тілегін жазып жібере алады. Науқан 26 мамырға дейін жалғасады. Ол күні мұғалімдер барлық гүл шоқтарын алып, оқушыларынан келген хаттарды оқи алады», дейді BilimClass өнім жетекшісі Фархат Үсен.
Қазір платформаны Қазақстанның 13 өңірінде 2,2 миллион оқушы және 300 мыңнан астам мұғалім пайдаланып келеді.
Енді мұғалім оқушыға тек сабақ кезінде жауапты: Мәжіліс жаңа заңды мақұлдады
Жобаны цифрлық білім беру технологиялары саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар Bilim Group әзірлеген. Компания экожүйесіне OnlineMektep, BilimLand, BilimKids, Kitap.kz және басқа да сервистер кіреді.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша биыл 215 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Гонконг қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 12:52
NASCAR-дың екі дүркін чемпионы Кайл Буш қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 12:44
Конгода Эбола індетінен қайтыс болған науқастың туыстары медициналық орталықты өртеп жіберді
Әлем • Бүгін, 12:36
Шілдеден бастап кәсіпкерлерге шетелге шығуға шектеу қойылуы мүмкін
Кәсіпкер • Бүгін, 12:30
Қазақстандағы жолаушылар пойызына Starlink интернеті қосылады
Технология • Бүгін, 12:27
Шұғыл қызмет өкілдері Астана әуежайына не себепті жиналды?
Елорда • Бүгін, 12:20
Соңғы қоңырау: оқушылар мұғалімдерге виртуалды гүл сыйлай алады
Білім • Бүгін, 12:14
АҚШ-та қанды қылмыскер өлім жазасынан құтылып кетті
Әлем • Бүгін, 12:00
Танымал спортшы Қуат Хамитов Атырауда жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:58
Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Семейде зейнеткердің пәтерінен он КамАЗ қоқыс шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Астана мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қалай шешілмек?
Білім • Бүгін, 11:33
Абыз: Әділ Ахмет туралы бірер сөз
Тұлға • Бүгін, 11:30
Лифт ішіндегі қауіпті сәт: Бойжеткеннің сөмкесіндегі қуаттағыш құрылғы өртенді
Оқиға • Бүгін, 11:25
Баспана кезегін үйден шықпай қалай тексеруге болады?
Қоғам • Бүгін, 11:25