Соңғы сәтте үлгерді Степногорскіде бойжеткеннің құтқарылуы видеоға түсіп қалды

10.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Степногорскте қыз алтыншы қабаттың балконынан секірмек болды. Алайда дер кезінде жеткен полицейлер трагедияның алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Степногорскте қыз алтыншы қабаттың балконынан секірмек болды. Алайда дер кезінде жеткен полицейлер трагедияның алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Оқиғаның видеосын редакцияға куәгер жіберген. Кадрлардан қыздың балконға шығып, секірмек болып қоршаудан аяғын асырып жатқанын көруге болады.

Полиция қызметкерлері көмекке уақытылы жетіп, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Полиция не дейді?

Ақмола облыстық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға бүгін таңертең болған. Патрульдік полиция взводының экипажына шақырту таңғы сағат 06:45 шамасында түскен.

"Тұрғындар полицияға ықтимал жанжал және алтыншы қабаттың балконында тұрған қыз туралы хабарлаған. Полицейлер оқиға орнына жетті. Олармен бірге үйге кезекші учаскелік полиция инспекторы да барды.

Алтыншы қабатқа көтерілген қызметкерлер әр секундтың санаулы екенін көрді: қыз балкон қоршауынан аяғын асырып үлгерген еді. Полицейлер шұғыл әрекет етті", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Қыз аман қалып, медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оған қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Болжам бойынша, мұндай қадамға баруына жігітімен болған жанжал себеп болған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью