Соңғы сәттегі пенальти ОАР құрамасын жеңілістен құтқарды

18.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АҚШ-тың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz Stadium алаңында өткен ойынның 6-шы минутында жартылай қорғаушы Михал Садилек Чехия құрамасын алға шығарды. Матчтың 83-ші минуттында төреші чех футболшысының қолмен ойнағанын тіркеді. Нәтижесінде Чехия қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік соққыны Тебохо Мокоэна дәл орындап, есепті теңестірді.

А тобының алғашқы турында Чехия құрамасы Оңтүстік Корея командасынан 1:2 есебімен жеңілген болатын. Ал бір күн бұрын ОАР құрамасы турнирдегі алғашқы ойынында Мексика командасына 0:2 есебімен жол берген еді.

Топтық кезеңнің соңғы турында Чехия Мексикамен кездессе, ОАР Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды.

Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью