Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың мәлім еткеніндей, 29 наурыз күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәлімет бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласындағы гидробекетте соңғы тәулікте 95 сантиметрге көтеріліп, 229 сантиметрге (қауіпті шегі — 850 см) жетті.
Бөрлі ауданы Жарсуат ауылы тұсында 343 (+35, қауіпті шегі — 1 мың см), Ақжайық ауданы Мергенде 350 (+29, 850 см) сантиметр болса, есесіне Бәйтерек ауданы Январцев елді мекенінде Жайықтың қарқыны бәсеңдеген (-65, 215 см).
— Жайықтың саласы Шаған өзенінде су деңгейі әлі көтерілу үстінде. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы Чувашин ауылында 710 (+69, қауіпті шегі — 1 300 см), Мичуринде 454 (+110, 1 100 см) сантиметрді көрсетті. Ал Деркөл өзенінің Тасқала ауылы тұсында арыны қайтқан, — деді Т.Шапанов.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да Шаған және Деркөл өзендерінде су деңгейі көтеріліп жатқанын жазған едік.
Сондай-ақ БҚО-да Быковка өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте 110 сантиметрге көтерілді.