Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Сот ресейлік рэпер Наваи Бакировқа (Navai) қатысты бұлтартпау шарасын таңдады. Ол алдағы екі айды қамауда өткізеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, есірткі контрабандасы және оны заңсыз сақтауға қатысты қылмыстық заңнаманың екі бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін танымал әншінің 13 қазанда Қазақстанға кіреберістегі "Қордай" шекара бекетінде ұсталғаны хабарланған болатын. Орындаушы мінген автокөлікті тексеру кезінде есірткі заты табылып, тәркіленді. Операцияны полицейлер шекарашылармен бірлесіп жүргізді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
14 қазанда әншінің Астанада концерті өтуі тиіс еді. Алайда шара тоқтатылды немесе белгісіз мерзімге ауыстырылды. Ұйымдастырушылар мұны техникалық себептермен түсіндірді.
Наваи Бакиров (Navai) – шығу тегі әзербайжандық танымал ресейлік рэпер және әнші, HammAli & Navai дуэтінің мүшесі, сондай-ақ жеке хиттердің ("Пустите меня на танцпол", "Прятки", "Девочка-война") авторы ретінде танымал. Әншінің Jah Khalib сияқты қазақстандық әртістермен бірлескен жобалары немесе фиттері болған.
Ал бұл уақытта Қырғызстанда рэпер Navai-дың шекарадан есірткімен қалай өткені тексеріліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу