Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотында бұрынғы әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты отбасылық жанжалдан кейінгі іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотында бұрынғы әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты отбасылық жанжалдан кейінгі іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Отырыстың басында адвокат сот процесін жабық режимде өткізуді сұрады, алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Қорғаушы тарап істі тоқтатуды сұрап, ерлі-зайыптының татуласқанын және бір-біріне ешқандай шағымдары жоқ екенін айтты. Адвокаттың сөзінше, ешқандай күш қолдану болмаған, ал жанжал отбасылық келіспеушіліктер салдарынан туындаған.
Сотта Тұрлыхановтың жұбайы күйеуі оны ұрмағанын және балағаттамағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, олардың арасында тек ажырасу мәселесіне байланысты келіспеушілік болған. Ал Рахат Тұрлыханов олардың арасында жанжал болғанын растағанымен, күш қолданбағанын айтты.
Осыдан кейін прокурор істі тоқтатып, материалдарды қосымша тексеруге жіберуді ұсынды. Судья бұл шешімді қолдады: ӘҚБтК-нің 73-бабы ("Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер") бойынша іс тоқтатылып, материалдар әрі қарай тексеру үшін Медеу ауданы прокурорына жолданды.
Бұған дейін Рахат Тұрлыханов әйелімен жанжалға байланысты тағы полицияға жеткізілгені хабарланған болатын.
Айта кетейік, 2024 жылы 3 қаңтарда Рахат Тұрлыхановқа қатысты отбасылық жанжалға қатысты іс қарауға қабылданған. Артынша әнші кінәсін мойындап, әкімшілік ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылған болатын.
Алайда сот алқасының қаулысы бойынша, Тұрлыхановқа қатысты жаза бап санкциясы шегінде ескертуден 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға өзгертілді.
Кейіннен Рахат Тұрлыханов пен жұбайы Алтынай жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Бәріңізге сәлем. Бұл - Рахат Тұрлыханов және жұбайым - Алтынай. Кейінгі жаңалықтарға байланысты пікір білдіруді ұйғардық. Алтынай бәрін өзі айтса, дұрыс шығар", - дейді видеода әнші.
"Рахатпен арамызда бәрі жақсы. Рахат - қамқор, мейірімді күйеу, әке. Иә, барлық отбасында болатыны секілді біздің де арамызда ұрыс, түсініспеушіліктер болды. Бірақ барлық жағдайды білмесе де оны жаман жағынан көрсетіп жатыр. Бәріңіз алаңдап жатсыздар, алаңдайтындай ештеңе жоқ. Бізді бәрі жақсы", - дейді әншінің жұбайы видеода.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!