Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: Ашық дереккөз
Ол әйел Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы аудан сотының 10.05.2024 жылғы үкімімен адамдар тобымен алдын ала сөз байласып күш қолдану арқылы бөтеннің мүлкін ұрлағаны және тонағаны үшін кінәлі деп танылған. Сот оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.
«Алайда, пробация бақылауында бола тұра, 2025 жылғы наурызда сотталған жазаны өтеуден өз бетінше жалтарған. Осыған байланысты бас бостандығын шектеудің өтелмеген 1 жыл 4 ай 7 күн мерзімі бас бостандығынан айыруға ауыстырылып, оған іздеу жарияланған», делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
«Шетелдегі туысыңмын»: Зейнеткерлерді алдаған алаяқ 4 жылға сотталды
2025 жылғы қарашада сотталған тұлға Ресей аумағында ұсталған. Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша ол елге экстрадицияланып, жазасын әрі қарай өтеу үшін тергеу изоляторына қамалған.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1,8 млрд теңге жымқырды деген күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды.