Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Кәмелетке толмаған баланы асырауға арналған алимент бойынша берешегі болған Павлодар облысының тұрғыны жеке сот орындаушының алименттің мөлшері туралы қаулысының күшін жоюға қол жеткізді.
Оған қатысты 2023 жылғы 4 желтоқсаннан бастап және бала кәмелетке толғанға дейін борышкердің жалақысының және (немесе) өзге де табысының 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу қозғалған.
Бұған дейін борышкер ЖШС құрылтайшысы болған және жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
Жеке сот орындаушысы (ЖСО) айқындаған алимент берешегінің мөлшерімен келіспегендіктен, борышкер де, өндіріп алушы да МАӘС-қа ЖСО қаулысын даулау туралы талабымен жүгінген.
Істі қарау барысында сот ЖСО тарапынан жіберілген бірқатар рәсімдік бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, қаулымен борышкердің табысын анықтау үшін нақты маман тағайындалмаған. Одан бөлек «тәуелсіз маманға» көрінеу жалған қорытынды бергені үшін жауапкершілік формалды түрде түсіндірілген, нақты нұсқау берілмеген.
Сонықмен қатар тағайындалған маман бір-біріне қайшы келетін үш қорытынды ұсынғаны, борышкердің салықтық және бухгалтерлік құжаттары толық көлемде зерттелмегені анықталды.
Нәтижесінде сот алимент бойынша берешекті айқындау туралы ЖСО қаулысын заңсыз деп танып, оның күшін жойды.
Сот ЖСО-ны алимент берешегін дәл анықтау үшін ЖШС мен ЖК-нің таза табысын белгілеу бойынша әкімшілік рәсімді аяқтауға міндеттеді. Ол үшін ЖСО маманға салық декларацияларын және төленген салықтар туралы мәліметтерді ұсынуы және ЖК мен ЖШС-нің кірістері мен шығыстарын растайтын құжаттарды жинауы тиіс.
Сот актісі заңды күшіне енді және орындалды.
Бүгін, 09:36