Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Оның айтуынша, 2025 жылы 151 жаңа судья тағайындалған.
— Соның нәтижесінде кадрлармен қамтылу деңгейі 97,5%-дан 131,3%-ға дейін өсті. Бұл сот жүйесінде алғаш рет кадрлық шығынның орнын толықтырып қана қоймай, таза өсімге қол жеткізілгенін көрсетеді, — деді Жанат Оспанова.
Сот жүйесіндегі негізгі өзгерістердің бірі — ваканттық лауазымдардың қысқаруы.
— Соңғы бес жыл бойы үміткерлердің болмауына байланысты толықтырылмай келген 64 ваканттық лауазым алғаш рет жабылды, — деді ол.
2026 жылы да кадрларды толықтыру жұмысы жалғасты.
— Мемлекет басшысының 2026 жылғы 2 наурыздағы Жарлығымен 128 аудандық сот судьясы тағайындалды. Соның нәтижесінде бос лауазымдар саны 230-ға дейін қысқарды, — деді Жанат Оспанова.
Қазір 41 кандидат арнайы тексерулерден өтіп, соттарда тағылымдамадан өтуде. Оларды тағайындау нәтижесінде бос лауазымдар саны 189-ға дейін азаяды деп күтіледі. Осылайша, сот жүйесіндегі кадрлық жағдай тұрақтана бастады.
Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылғы 1 шілдеден бастап Астанада кассациялық соттар жұмысын бастағаны хабарланған болатын.