Сотта кездесеміз! : Динара Сәтжан мен емшінің әңгімесі жанжалға ұласты

11.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Әлеуметтік желіде Бағдагүл есімді емші тележүргізуші Динара Сәтжанға қатысты ашық пікір білдіріп, бейнежазба жариялады. Видеода ол тележүргізушінің өзіне қатысты айтқан сөздеріне наразы екенін айтып, бұл жағдайды соңына дейін жеткізетінін мәлімдеді деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кадрдан емшінің эмоцияға беріліп, ашулы күйде сөйлегені байқалады. 

"Саған көрсетемін. Айтып тұрған сөзін қара, менің кім екенімді білмей жүр екенсің. Өздеріңнің тілдеріңде деловая колбаскасың ғой сен. Мені ауруға теңейтін сен кімсің? Осы сөзіме жауап беремін, соңына дейін барамын. Ақ пен қараның айқасын көрсетейін саған. Көп тілімді қышытпа. Қазақ қыздарының намысын қорғауды керек болса, өз қолыма алатын боламын. Саған ешкімді жем қылмаймын. Сендердің сөздеріңді сөйлеп жатқан өздерің сияқты жеңіл жүрісті әйелдер. Намысы жоқ! Көрсетейін мен сендерге. Мен тиіссем, Қазақстанды бұзатын адамдарға тиісемін. Сендер сияқты тойынған қатын емеспін. Намысым өз орнында. Айтатынымды айттым. Мені ауруға теңегенің үшін жауап бересің, Динара Сәтжан! Мен енді сені аямаймын. Екі дүниенің бар екенін көрсетемін. Шайтандар, жын-ойнақтар жүрген. Жатқан жыланның құйрығын баспа", - деді ол. 

Аталған бейнежазба қоғамда кеңінен тарап, қызу талқыға түсті. Өз кезегінде Динара Сәтжан бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, мәселені сот арқылы шешетінін атап өтті. Тележүргізуші қысқа ғана «Сотта кездесеміз!» деген пікір қалдырған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью