Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Іс-шара сотталған азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оларды қоғамға бейімдеу және қайта құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілді.
Жәрмеңке аясында қаланың ірі кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері шақырылып, олар өздерінің бос жұмыс орындарын және еңбекке орналастыру шарттарын ұсынды. Іс-шара қатысушылары жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алып, үміткерлерге қойылатын талаптармен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, бос жұмыс орындары жәрмеңкенің барысында тағы 16 азаматқа одан әрі жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді.
Астана қаласы прокуратурасы мәліметінше, сотталған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және қайталама қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғастырылады.
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында жасанды интеллектіні қолданып, сотталғандарға арналған құқықтық кеңесші әзірленетін болады.
Астанада сотталғандар нормадан тыс жұмыс істеп, еңбекақысы уақытылы төленбеген.
Қазақстан мен Қатар сотталғандарды беру жөнінде келісімге келді.