Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ерікті тетіктермен қатар активтерді қайтарудың мәжбүрлі шаралары да қолданылады. Бұл субъектілер мемлекетпен диалогқа дайындық танытпаған немесе активтердің заңдылығына қатысты негізді күмәндер болған жағдайда жүзеге асырылады.
Прокуратура органдарының талап-арыздары бойынша соттар мемлекетке шамамен 165 млрд теңге көлеміндегі активтерді мәжбүрлі түрде қайтару туралы шешім қабылдады.
Тек 2025 жылдың өзінде соттар мемлекетке 148,6 млрд теңге көлеміндегі активтерді қайтару туралы шешімдер қабылдады.
Сондай-ақ заңды іске асыру шеңберінде активтерді ерікті түрде қайтаруға ерекше назар аударылып отыр. Заң субъектілерімен және олармен аффилирленген тұлғалармен 70-тен астам келісім жасалды.
Әңгіме активтерді мемлекетке ерікті түрде беру, инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру, сондай-ақ кінәні мойындау және заңсыз алынған активтерді қайтару туралы процестік келісімдер жөнінде болып отыр.
Прокуратураның мәліметінше, көптеген жағдайда актив иелері ерікті түрде қайтару тетіктерін таңдайды. Олардың қатарында мемлекеттік бюджетті толықтыру, мүлікті заттай түрде беру және капиталды ел экономикасына қайта инвестициялау бар.
Еске сала кетсек, былтыр мемлекетке қанша заңсыз актив қайтарылды және қаражат қайда жұмсалғанын жаздық.
Сонымен қатар Бас прокуратура активтерді қайтаруда халықаралық ынтымақтастықты дамытып келеді.