Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. "Союз-5" зымыранының екінші рет ұшырылуы 2027 жылдың екінші жартысына жоспарланған, деп хабарлады "Роскосмос" бас директорының зымыран жобалары жөніндегі орынбасары Дмитрий Баранов.
Оның айтуынша, бағдарлама үш ұшу сынағын қамтиды.
Бірінші ұшырылым 30 сәуірде сәтті өтті, ал үшінші ұшырылым 2028 жылға жоспарланған.
"Союз-5" артықшылығы ол 17 тоннаға дейін екі есе көп жүк көтереді, оны жоғары дәлдікпен шығарады және экологиялық таза отын компоненттерін пайдаланады.
Еске салайық, "Бәйтерек" жобасы бойынша Ресей зымыран тасығышын шығарды, ал Қазақстан ұшырылым алаңын дайындады.