“Сөз таңдаңыз“ Мәжіліс спикері депутатқа ескерту жасады

29.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутат Анас Баққожаевқа сөйлеу барысында орынсыз тіркес қолданғаны үшін ескерту жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутат Анас Баққожаевқа сөйлеу барысында орынсыз тіркес қолданғаны үшін ескерту жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 сәуірде Мәжілісте атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. Құжатты талқылау кезінде депутат Анас Баққожаев Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының басшысына жүгінді.

Мәжілісменнің пікірінше, жеке сот орындаушылары (ЖСО) зейнеткерлердің шоттарын бұғаттап, адамды жалғыз табыс көзінен айырып отырғандарын білмегенсіп отырады.

"Борышкер - зейнеткер. Жеке сот орындаушы материалды алады. Ол кісінің зейнет жасында екенін біледі, түсінеді. Бірақ сонда да есепшотын жауып тастайды. (Зейнеткер - ред. ескертпесі) ақшасын ала алмай жүреді. Содан кейін ол (зейнеткер - ред. ескертпесі) заңгер жалдап, жұмыс істейді, ақшаға шығындалады. (Жеке сот орындаушы - ред. ескертпесі) білмей қалдым деп орысша айтқанда "дурочку включает". Қалай ол білмей қалады? Егер зейнеттегі адам болса, зейнетақысы бар екені көрініп тұр ғой. Зейнеттегі адамдарды қинайды", - деді Анас Баққожаев.

Осы кезде спикер Ерлан Қошанов оған Парламентте отырғанын еске салды.

"Сіз Парламентте отырсыз ғой, сөздеріңізді байқап айтсаңызшы", - деді Мәжіліс спикері.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

Бүгін 08:10 1

Бұдан кейін Қошанов Баққожаевтың сұрағына жауап беруі үшін Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының төрағасы Нұржан Арынғазиновқа сөз берді.

Палата басшысы зейнеткерлер мен басқа да жеңілдігі бар азаматтар санаттарына бұғаттауға болмайтын арнайы шоттар ашуды ұсынды.

"Иә, мұндай мәселелер бар. Ең басты түйткіл – сот орындаушысы банктік шоттарды бұғаттаған кезде, ол жерде қандай қаражат екенін көрмейді. Ол жалақы немесе зейнетақы болуы мүмкін. Оларда мұндай ақпарат жоқ. Сондықтан біз әрдайым арнайы шоттар ашу қажеттігін айтамыз. Арнайы шоттарға ешқашан бұғат қойылмайды. Мысалы, егер адамның мүгедектігі болса немесе ол зейнеткер болса, олар арнайы шоттардан ақша ала алады. Шектеулер мен бұғаттауларға келетін болсақ – егер олар оны қоймаса, олардың үстінен қарайтын Әділет министрлігі, ІІМ бар. Соның салдарынан олар лицензиясынан айырылуы мүмкін", - деді Нұржан Арынғазинов.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью