Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Түркістан облысының Созақтан басқа барлық аудан, қаласы газбен қамтылған, тек аталған ауданда бұл мәселе шешілмеген еді. Енді Созақтың тұрғындары да газдың игілігін көріп, тұрмыс сапасын жақсартады. Ауданда АГТС-ы бар магистральды газ құбыры, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газбен жабдықтау желілері іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Газбен қамту бойынша 2025 жылы облысымызда 87 нысанның құрылысы қолға алынды. Соның ішінде 45 жобаның құрылысы аяқталып, 70 мың халқы бар 41 елді мекен табиғи газбен қамтылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 606 елді мекен газбен қамтылып, 1,9 млн-нан астам тұрғын «көгілдір отынның» игілігін көрді. Бүгін іске қосылған жоба – сол жұмыстардың нақты нәтижесі», деді салтанатты шарада аудан тұрғындарын тарихи оқиғамен құттықтаған облыс әкімі Нұралхан Көшеров.
Салтанатты шара барысында Шолаққорған ауылдық округіндегі табиғи газ желілері ресми түрде іске қосылып, тұрғын үйде газ жағу рәсімі өткізілді. Жобаның жалпы құны – 4,1 млрд теңге, қуаттылығы – 30 000 м³/сағат.
Айта кетейік, құрылыс мерзімі 2019 жылы басталып, 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталды. Аталған жоба толық іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылдық округіндегі 4 600 тұрғын үй табиғи газбен қамтылады.
Соңғы жаңалықтар
Жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы Сабыржан Махметов өмірден озды
Оқиға • Бүгін, 10:45
Жетісуда азық-түлік дүкенінде жарылыс болып, үш адам жараланды
Қоғам • Бүгін, 10:38
Байланыс операторларына қайтарымсыз үлестік грант беріледі
Аймақтар • Бүгін, 10:32
Майқайың кентіндегі үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Алматыда ұлттық ою-өрнек дәстүріне арналған көрме ашылды
Өнер • Бүгін, 10:11
Биыл 90 жаңа мектеп салынады: Қай өңірлерде үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі?
Білім • Бүгін, 10:01
Қай тасжолдарда қозғалыс шектелді?
Ауа райы • Бүгін, 09:50
Тараздағы тасқын қаупі: ТЖМ мен әкімдік шұғыл іске кірісті
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қорғаныс министрлігі: Әскери басқару органдарына жоспарлы тексеру жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 09:38
Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:28
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша сынға түседі?
Қысқы спорт • Бүгін, 09:10
Қаржы • Бүгін, 09:05
Михаил Шайдоров қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты
Спорт • Кеше
Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
Референдум • Кеше
Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады?
Спорт • Кеше