Сөзбен жеткізу қиын : Дағыстан тұрғыны қазақстандықтарға алғыс айтты

30.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Оның айтуынша, Қазақстан тарапынан көрсетілген қолдау дер кезінде әрі тиімді болған. Қазіргі уақытта өңірде қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Қазір Дағыстанның Каспийск қаласына жақын елді мекендерде «Asar Ume» қайырымдылық қорының 40-қа жуық еріктісі жұмыс істеп жатыр. Олар су тасқыны салдарынан істен шыққан ауызсу жүйесін қалпына келтірумен айналысып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстанның әр өңірінен гуманитарлық көмек жіберіліп, зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетілу үстінде.

- Қазақстаннан көрсетілген көмекті ерекше атап өткім келеді. Қиын сәтте дер кезінде қолдау білдіріп, нақты іспен көмектесті. Әсіресе, еріктілердің келіп, су жүйесін қалпына келтіруге атсалысуы – үлкен көмек. Мұндай қолдауды біз жоғары бағалаймыз, - деді Омарасхаб Ахмедов.

Омарасхаб Ахмедов соңғы екі жылда Қазақстан мен Дағыстан арасындағы байланыс нығайғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл көмек – тек материалдық емес, халықтар арасындағы шынайы бауырластықтың белгісі.

Қазақстан халқының бірлігі күні – жай ғана мереке емес екенін іс жүзінде көрдік. Сіздер достық пен бауырластықты нақты іспен дәлелдеп отырсыздар. Бұл – халықтар арасындағы шынайы байланыстың көрінісі. Осындай ынтымақ әрқашан нығая берсін,-деп тілек білдірді ол.

Сөз соңында ол қазақ халқына алғыс айтып, екі ел арасындағы бауырластық байланыстың одан әрі нығая беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, 2 жыл бұрын Атырау өңірінде тасқын болған сәтте дәл осы Омарасхаб Ахмедов Атырауға 50 мың қап алып келіп, көмек қолын созған еді. Бұдан кейін де тараптар арасындағы байланыс үзілмей, Дағыстан халқы қолдау көрсетті.

Еске салайық, наурыз айының соңында Ресейдегі Дағыстан Республикасында нөсер салдарынан ауқымды су тасқыны болып, жүздеген елді мекен жарықсыз қалып, төтенше жағдай жарияланған еді.

Табиғи апаттан Махачкала, Дербент қалалары мен республиканың бірнеше ауданы қатты зардап шеккен. Жалпы тасқын 6 адамның өмірін қиды, 200-ден астам адам құтқарылды. Зардап шеккендердің жалпы саны 6 200-ден асты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью