Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: SpaceX
Бір сағатқа созылған сынақ барысында Starship орбитаға 20 Starlink жерсерігін шығарды. Ұшу бағдарламасы аяқталғаннан кейін ғарыш кемесі Үнді мұхитына сәтті қонды.
Қарағандылық оқушы халықаралық ғарыш компаниясының жетекшісі атанды
Бұл миссия Марсқа ұшуды мақсат тұтқан Маск үшін маңызды қадамның бірі саналады. Ал ғарышқа жеткізілген Starlink спутниктік интернет желісін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Илон Маск: Жасанды интеллект 5 жылдан кейін бүкіл адамзаттың ақыл-ойынан асып түседі
Айта кетейік, бұған дейін сынақ техникалық ақауға байланысты кейінге қалдырылған болатын. Осыған дейін өткізілген Starship-тің 12 сынақ ұшырылымының жетеуі ғана сәтті аяқталған.
Еске сала кетейік, 14 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-29» пилотты ғарыш кемесі ұшырылған болатын. Экипаж орбитада шамамен сегіз ай жұмыс істеп, Жерге 2027 жылдың сәуір айында оралады.