Спорт кешеніне балуанның есімі берілсе...

15.04.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Кезінде спорттың қай түрінен болса да, КСРО-ның спорт шебері нормативін орындау өте қиын еді. Ондай үлкен іс тек жалықпай еңбек етіп, жаттығу залында шелектеп тер төгіп, дүбірлі додаларда аянбай айқасып, барлық қиындыққа төзе білген саңлақтардың ғана қолынан келетін. 

Сондай дарыны асқан жас­тардың бірі Қайрат Әбілов еді. 1971 жылы Қостанай облысының Қамысты ауданында дүниеге келген ол балауса кезінен балуандық өнердің сиқырына арбалып, еркін күреске мықтап ден қойды. Аудан орталығында Увайс Дубаевтың қол астында жаттықты. Зерек баланың бо­йында бұла күштің бұлқынып жатқанын байқаған бапкері оны арнаулы оқу орнына жіберуді жөн көрді. Сөйтіп, бозбала Қарағанды қаласында қоныс тепкен әйгілі Әлия Молдағұлова атындағы №3 спорт саласындағы Олимпиадалық мектеп-интернаттан бір-ақ шықты.

Талай дарынды спортшыны шыңдаған қара­шаңырақта Қайрат өз қатарының алды болды. 1985–1986 жылдары өзі құралпы балалардың арасында Алматы мен Арқалықта өткен республика біріншілігінде қарсылас шақ келтірмеді. 1987 жылы Қарағандыда ұйым­­­­­дастырылған мектеп оқушы­­ла­рының спартакиадасында күміс медальды мойнына іліп, Бішкектегі бүкілодақтық турнирде топ жарды. 1988 жылы Талдықорғанда Қазақ­станның жасөспірімдер ойын­да­рының жеңімпазы атанып, Душанбеде мектеп-интер­нат­тар арасындағы КСРО біріншілігінің бас жүл­­десін олжалады. 1989 жылы Тбилисиде «А» санатындағы тур­нирде барлық бәсекелесінен басым түсіп, КСРО-ның спорт шеберінің күміс белгісін кеу­десіне тақты.

Әуелі 69 кг салмақ дәре­жесінде күресіп, уақыт оза 74 кг салмаққа ауысқан Қ.Әбіловтің жолына майталман мамандар үлкен үмітпен қарады. Бірақ жалынды жастың дарыны асса да, бағы жанбады. Түрлі жарыста алған жарақаттары Қайраттың кеңінен көсілуіне мүмкіндік бермеді. Содан нағыз жалындап тұрған шағында бозкілеммен қош айтысты. Алайда үлкен спорттан алыстаған жоқ. Өзі бизнеспен айналысса да, дарынды жастарға үнемі қамқор қолын созып жүрді, демеушілік жасады. Қайрат Құбайұлының қамқорлығын көрген талай жас өрен кейіннен ел спортындағы елеулі тұлғаға айналды. Өзекті өртер өкініш, Қ.Әбіловтің өмірі тым қысқа болды, небәрі 36 жасында бақиға озды. Туған ауданында жыл сайын айтулы азаматты еске алуға арналған республикалық турнир үздіксіз өтіп тұрады.

Бұл күндері Қамыстыда спорт кешені салынып жатыр. Биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Өңір тұрғындарының осы нысанға кезінде Қазақстан мен КСРО құрама командасының мүшесі болған белгілі балуан Қайрат Әбіловтің есімін берсе деген тілегі бар.

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады

Саясат • Бүгін, 08:02

Жергілікті көшбасшыларды даярлаудың жаңа бағдарламасы

Саясат • Бүгін, 08:00

Алматы энергетикалық кешені жаңғыртылып жатыр

Саясат • Бүгін, 07:55

Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді

Саясат • Бүгін, 07:50

Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді

Ауа райы • Кеше

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

Әлем • Кеше

Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі

Медицина • Кеше

Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Мәдениет • Кеше

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады

Аймақтар • Кеше

Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады

Шаруашылық • Кеше

Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды

Аймақтар • Кеше

«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты

Партия • Кеше

Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді

Әлем • Кеше

Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды

Президент • Кеше

Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды

Табиғат • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью