Спортқа серпін беретін бағдарлама

12.02.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Спортты дамыту енді медаль саны немесе ин­фрақұрылыммен өл­шен­бейді. Қазіргі спорт – басқару мәдениеті, көшбасшылық және ұлт­тық деңгейдегі күр­делі экожүйені тиімді ұйымдастыру қабіле­тін де қамтиды. Дәл осы сұранысқа жа­уап ретінде Қазақ ұлт­­тық спорт уни­вер­ситеті мен Фран­циядағы klore-ED School of Management бірлесіп әзірлеген қос дипломды «Executive MBA in Sport Manage­ment» бағ­дарламасы іске қосылды.

Аталған бағдарлама еліміздің спорт сала­сында ұзақ жыл­дар бойы жинақталған құры­лымдық мәселені – ха­лық­­аралық, олимпиадалық және ком­мерциялық деңгейде жұмыс істей алатын кәсіби бас­қарушы кадрлардың тап­шылығын шешуге бағыт­тал­ған. Стратегиялық жоспар­лау, қаржылық басқару, цифр­лық трансформация, халық­аралық қатынастар, демеу­шілік жүйелерді дамыту және этикалық көшбасшылық – жү­йелі білім беру арқылы қалып­тасатын дағдылар. Осы тұр­ғыдан алғанда, «EMBA in Sport Management» бағдар­ламасының еліміз үшін ма­ңызы бірнеше стратегиялық факторлармен айқындала­ды. Аталған бағдарламаның «Executive MBA» форматы – жобаның басты артықшы­лығы. Ол спорт федерациялары­­ның басшыларына, клуб менеджерлері­не, сая­саткерлер­ге және кәсіби спорттан бас­қару саласына өткен бұрын­ғы спорт­шы­ларға арналған. Нәти­же­сін­де, алынған білім қағаз жү­зінде қалып қоймай, нақты институционалдық өзге­ріс­терге ұласады.

«Оқу бағдарламасы екі оқу орны тарапынан бір­лесіп әзірленген: курстың 50 пайызы Қазақ ұлттық спорт университетінде, ал 50 пайызы Франциядағы Éklore-ED School of Management базасында онлайн және офлайн форматта оқытылады. Бағдарлама аясында түлектер Францияда 10 күндік тағылымдамадан өтеді. Бұл тәжірибе компа­нияларға бару, шеберлік сабақ­тары және Париж қала­сында өтетін салтанатты дип­лом табыстау рәсімін қам­тиды», дейді Франциядағы Éklore университетінің халық­аралық серіктес өкілі Улисс Уврьё. Оның айтуынша, түлек­тер мемлекеттік білім беру ба­сымдықтарына сәйкес ұлт­тық диплом және Éklore-ED School of Management тарапынан берілетін халықаралық деңгейде танылған диплом алады. Бұл жоба отандық спорт менеджерлерінің халық­аралық басқару стандарттарына сай даярлануын қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің спорт жүйесіне деген сыртқы сенімді де арттырады.

Соңғы жаңалықтар

Күрделі кезеңдегі іргелі бетбұрыс

Сараптама • Бүгін, 08:15

Міндет мінсіз орындалса игі

Саясат • Бүгін, 08:10

Стратегиялық маңызды теміржол желісі іске қосылады

Саясат • Бүгін, 08:05

Газ саласын реттейтін құжат талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:00

Елена Рыбакинаның 20 жетістігі

Теннис • Кеше

Жеңіл атлеттер Қытайда жеті жүлде олжалады

Спорт • Кеше

Дзюдошылар Парижде үш қолаға қол жеткізді

Спорт • Кеше

Қазақстандық биатлоншылар 2026 жылғы Олимпиадада жекелей сайыста өнер көрсетті

Олимпиада • Кеше

Ертең елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Ауа райы • Кеше

Олимпиада-2026: Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында 35-орынға жайғасты

Олимпиада • Кеше

Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды

Оқиға • Кеше

Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді

Ата заң • Кеше

Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді

Президент • Кеше

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция тұңғыш рет алдымен қазақ тілінде әзірленді

Ата заң • Кеше

Қостанай облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью