Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды

26.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Конституциялық реформа – тек Негізгі заңға енгізілетін өзгертулер емес, ол – еліміздің ертеңгі жарқын болашағы. Көк туымызды әлемдік аренада биікке көтеріп жүрген саңлақ спортшыларымыз да бұл саяси науқаннан қалыс қалмай, өз пікірлерін ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі балуан, Қазақстан барысы Мұхит Тұрсынов өз сөзінде алдағы референдумдағы әр азаматтың дауысы – еліміздің болашағын қалыптастыратын маңызды үлес екенін айтты.

«Бұл әрқайсымыздың жауапкершілігімізді көрсететін тарихи мүмкіндік. Конституциялық реформа – мемлекеттің даму бағытын, қоғамның әділдігін, азаматтардың құқығы мен еркіндігін айқындайтын маңызды қадам. Спортта жеңіске жету үшін бірлік, табандылық пен сенім қажет. Сол сияқты ел болашағы да әр азаматтың белсенді ұстанымына байланысты. Мен әрқашан елімнің дамуы мен бірлігін бірінші орынға қоямын. Сондықтан баршаңызды референдумға белсенді қатысып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын. Бірге болайық. Бірлікпен алға басайық. Еліміздің жарқын болашағы өз қолымызда!», деді балуан.

Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық

Бразилиялық джиу-джитсудан әлемнің 6 дүркін чемпионы Таймас Сәлімов Конституциялық өзгерістерге арналған референдум – мемлекет тағдыры шешілетін тарихи сәт екенін айтты.

«Негізгі заң – қоғамдағы тәртіптің, әділеттің және тұрақты дамудың негізі. Сондықтан бұл таңдауға бейжай қарауға болмайды. Әр дауыс – ортақ болашағымызға қосылған үлес. Біз бүгінгі шешіміміз арқылы ертеңгі Қазақстанды қалыптастырамыз. Баршаңызды ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын. Бірге әрекет етсек – жарқын болашақты бірге құрамыз. Бірлігіміз бекем, еліміз мәңгі болсын!», деп жазды спортшы.

Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды

Сондай-ақ муай-тайдан әлем чемпионы Айбат Олжатай да желіде өз пікірін ортаға салып, халықты сындарлы сәтте шешім қабылдаудан қалыс қалмауға шақырды.

«Спортта әрбір жеңіс – күнделікті еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Әр белдесу – жауапкершілік, әр қадам – болашаққа деген сенім. Бүгін бізді дәл сондай маңызды сынақ күтіп тұр. Бұл да спорттағыдай: әр дауыс – бір ұпай, әр азаматтың таңдауы – ортақ жеңіске қосқан үлес. Жеңіс ешқашан кездейсоқ келмейді. Ол тәртіптен, бірліктен және белсенділіктен туады. Мемлекеттің болашағы да солай қалыптасады – немқұрайдылықтан емес, саналы таңдау арқылы. Референдумға қатысу – бұл өз тағдырыңа, еліңнің ертеңіне жауапкершілікпен қарау. Біз қандай мемлекетте өмір сүргіміз келеді – әділ, ашық, адамға бағытталған ел ме? Бұл сұрақтың жауабы әрқайсымыздың дауысымызда», деді әлем чемпионы.

Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

Аймақтар • Бүгін, 13:03

«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді

Ата заң • Бүгін, 12:48

«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады

Қоғам • Бүгін, 12:42

Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?

Дін • Бүгін, 12:34

Ұшу-қону жолағы жөнделеді: Елордалық жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?

Қоғам • Бүгін, 12:18

Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды

Ата заң • Бүгін, 12:09

Ораза кезінде екпе салдыруға бола ма?

Қоғам • Бүгін, 11:58

Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді

Қоғам • Бүгін, 11:50

Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?

Балалар • Бүгін, 11:43

Софиядағы шаршы алаңда еліміздің төрт боксшысы өзара жұдырықтасты

Бокс • Бүгін, 11:38

Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Аймақтар • Бүгін, 11:22

Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды

Ата заң • Бүгін, 11:12

«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?

Футбол • Бүгін, 11:07

Сарапшы: Президенттің АҚШ-қа ресми сапары Қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа кезеңін айқындады

Саясат • Бүгін, 10:58

Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?

Қазақстан • Бүгін, 10:43

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью