Спортшыларымыз рекорд жаңартты

25.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Елде шаңғы жарысынан Қазақстан кубогі өтіп жатыр. Әзірге турнир аясында скиатлон бойынша жеңімпаздар анықталды. 10 шақырымдық бәсекеде ерлерден Әмірғали Мұратбеков топ жарса, әйелдерден Надежда Степашкина жеңіске жетті.

Жәнібек Әлімханұлының кәсіби мансабында қанша табыс тапқаны белгілі болды. Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы деген атағы бар отандасымыз осыған дейін 1,5 миллион доллар көлемінде пайда тапқан. Аталған салмақтағы басқа чемпиондардың да ақшасы шамалас. Мысалы, WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адаместің кірісі 1,5 млн доллар болса, британдық Хамза Шираздың табысы 1,2 миллион доллар. Қазіргі чемпиондар арасында ең көп гонарар WBA чемпионы кубалық Эрисланди Лараға тиесілі. Шамамен 2 миллион доллар пайда тапқан. Еске сала кетейік, 7 желтоқсанда Жәнібек дәл осы Ларамен жекпе-жек өткізуі тиіс болған еді. Алайда отандасымыздың допинг сынамасынан мельдоний табылып, кездесу тоқтатылды. Жәнібек аталған жекпе-жекте чемпион ретінде 350 мыңнан 500 мың долларға дейін қаржылай сыйақы алуы мүмкін еді.     

Спортшыларымыз рекорд жаңартты

Биыл отандастарымыз жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен рекорд жаңартты. Яғни әлем чемпионаттарының қорытындысы бойынша, жерлестеріміз сегіз спорт түрінен 32 медаль жеңіп алған. Оның 14-і алтын болса, 5-уі күміс, 13-і қола. Атап өтсек, ұлттық құрама мүшелері бокс, дзюдо, семсерлесу, грек-рим, еркін күрес және таеквондо, садақ ату мен нысана көздеуден жақсы нәтиже көрсетті. Бұл тәуелсіздік жылдарында тіркелген ең үздік көрсеткіш. Айта кетейік, бұған дейінгі үздік нәтиже 2023 жылы тіркелген.

Әбиба Әбужақынова көш бастап тұр

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Ол жыл қорытындысы бойынша, өз салмағында яғни 48 келіде бірінші орында келе жатыр. Биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жапониядағы гранд слэм жарысына қатыспаса да рейтингіне әсер етпеді. Дәл қазір бұл салмақта олимпиада ойындарының қола жүлдегері швециялық Тара Бабулфат екінші орында тұр. Үздік үштікке ресейлік Сабина Гялязова жайғасқан.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью