Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жастар арасында өткен әлем чемпионатында еліміздің құрамасы елеулі жетістікке қол жеткізді. Әсіресе, бұл сында жерлесіміз Кристина Шумекованың асқан шеберлігі мен тарихи табысы жанкүйерлерді ерекше қуантты.
Жарыстың алғашқы күнінде-ақ 19 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы 500 метрлік қашықтықты 38.48 секундта бағындырып, алтыннан алқа тақты. Бұл – қазақ спортындағы елеулі оқиға. Отандық конькишілер соңғы рет жастар арасындағы әлем біріншілігінде осыдан 16 жыл бұрын, яғни 2010 жылы топ жарған еді. Екатерина Айдованың сол ерлігін араға жылдар салып Кристина қайталап отыр. Бұл бәсекеде канадалық Джулия Снелгров (38.78) күміс, польшалық Виктория Дабровска (38.96) қола жүлдеге ие болды.
Жеңісті күндер мұнымен шектелмеді. 1 500 метрлік сайыста жерлесіміз 1:56.06 уақыт көрсеткішімен тағы да шашасына шаң жұқтырмады (аустриялық Джанин Роснер – 1:56.36, жапониялық Аяно Секигучи – 1:57.97). 1000 метрде 1:16.34 нәтижесімен бас жүлдені үшінші мәрте қанжығасына байлады. Бұл қашықтықта күміс пен қола медаль жапониялық Аяно Сэкигучи (1:16.66) мен аустриялық Джанин Роснерге (1:17.00) бұйырды.
Айта кетерлігі, К.Шумекова Инцелльде жеке рекордын да жаңартты. 3 000 метрлік додада күміс жүлдені қанағат тұтқанымен, жекелей қашықтықтар жиынтығы жөнінде жерлесіміз теңдессіз деп танылды. Бұл – ел спортының тарихында бұрын-соңды болмаған тарихи оқиға! Осындай айтулы жеңістен соң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды конькишімізді орасан зор табысымен арнайы құттықтап, алдағы додаларда сәттілік тіледі.
Одан кейін құрамында Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова, Варвара Глухова бар еліміздің қыздар құрамасы командалық спринтте топ жарды. Құрама қоржынына түскен алтыншы алтынға масс-стартта жеңіске жеткен Вадим Чебардаков ие болды.
Соңғы жаңалықтар
Трамп: Иранға қарсы соққылардың «үлкен толқыны» әлі алда
Саясат • Бүгін, 09:45
Коалиция мүшелері Атырау облысының студенттерімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Референдум • Бүгін, 09:38
Ақтөбеде газ құю стансасында жарылыс болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:15
Спортшыларымыздың айқын жеңісі
Спорт • Бүгін, 09:10
Ұлан Бекіш Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:07
Ата заң жастардың әлеуетін арттырады
Саясат • Бүгін, 09:05
Таяу Шығыстағы дүрбелең: ақиқаттың ауыр жолы
Әлем • Бүгін, 09:00
Әлем • Бүгін, 08:55
Аида Балаева: Президент – жаңа Конституцияның негізгі авторы
Саясат • Бүгін, 08:50
Азаматтар құқы мен бостандығы – басты орында
Саясат • Бүгін, 08:45
Азия даму банкі ауқымды жобаларды қаржыландыруға мүдделі
Саясат • Бүгін, 08:40
Зардап шеккендерге – жан-жақты жәрдем
Қоғам • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Аймақтар • Бүгін, 08:30