24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Биыл Солтүстік Қазақстан облысына «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 174 квота бөлінді.
Бұл былтырмен салыстырғанда 64 квотаға артық. Жоба іске асқан 4 жылда өңірде 334 сәби дүниеге келді. Оның отыз екісі егіз. Мемлекеттен квота алған жұп экоорталықты өзі таңдай алады. Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуына қарағанда, арнайы құрылған аймақтық комиссия бірінші кезекте шалғай ауылдан келген әйелдердің өтінішіне басымдық береді. Облыстық перинаталдық орталықта барлық медициналық құрал-жабдық жеткілікті. Тәжірбиелі репродуктологтар, акушер-гинекологтар және генетик дәрігерлер тұрақты қабылдау жүргізеді.
Виктор Проценко, репродуктолог:
- Биыл Солтүстік қазақстан облысы бойынша 174 квота бөлінді. Қазір тізім жасап, құжаттар қабылдап жатырмыз. Оның ішінде аудандық ауруханаларға сұрау салдық. Комиссияның алғашқы отырысы келесі аптаға жоспарланып отыр.