СҚО Ақжар ауданында автожолдың учаскесін су басты

30.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан алқаптан келген судың асфальт жол үстінен өтіп жатқанын көруге болады. 

СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, су басу дерегі 29 наурыз күні сағат 14.00 шамасында тіркелген. Оқиға облыстық маңызы бар «Казгородок – Горковское» автожолының 122-ші шақырымында болған. Су басқан учаскенің ені 200 метр, тереңдігі 10 см-ге дейін жеткен.

- Бұл қардың еріп, судың жиналуынан болып отыр. Елді мекен тұрғындарына келер қауіп жоқ. Аудан әкімдігі мен жол қызметін көрсететін «Жасыл-Есіл» ЖШС учаскеге тиісті ескерту белгілері мен қорғаныс ленталарын орнатты. Бұл жерде диаметрі 2×3 м болатын тюбингтік су өткізу құбыры және ұзындығы 42 метрлік екі тіректі көпір жұмыс істеп тұр, - дейді басқарма мамандары.

Су басқан учаскеге арнайы техника жұмылдырылды. Патрульдеу ұйымдастырылғанымен, автокөлік қозғалысы шектелген жоқ.

Бұған дейін Тайынша ауданында еріген қар суы республикалық маңызы бар автожолдың үстімен өткен еді. Басқарма бұл учаскеде жағдайдың тұрақталғанын хабарлады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью