СҚО ауыл шаруашылығы аумақтық инспекциясына жаңа басшы тағайындалды

29.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Арыстан Кужумов 1984 жылы СҚО Мамлют ауданында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құрылысшы», «Агрономия» және Қазақстан-Ресей университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.

2005 жылы «Единство» ЖШС-де диспетчер болып еңбек жолын бастаған.

2006 жылдан бастап Қызылжар жер-кадастрлық филиалында техник-жерге орналастырушы, сондай-ақ Аққайың ауданының жер қатынастары бөлімінде бас маман болып қызмет атқарған.

2009 жылдан бастап СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында жетекші маман, бас маман, іс жүргізу жөніндегі инспекторы қызметтерін атқарды.

2011-2015 жылдары – СҚО әкімінің бас инспекторы болды.

2015-2018 жылдары СҚО әкімі аппаратының ауыл шаруашылығын дамыту бөлімінің меңгерушісі, сондай-ақ жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2018-2020 жылдары СҚО әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы болды. 

2020-2024 жылдары СҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2024 жылдан бастап осы күнге дейін СҚО мәслихат аппараты басшысының орынбасары лауазымында болды. 

Бұған дейін Қызылорда облыстық әділет департаментінің басшысы тағайындалғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью