СҚО да 22 жастағы жігіт кәсіпкерді атып өлтірді деген күдікке ілінді

01.11.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Оқиға 31 қазан күні болған. 22 жастағы ауыл тұрғыны жалақысын талап етіп, жергілікті фермерге келген. Араларында кикілжің туып, жігіт қарумен атып өлтірген.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция күдіктіні ұстады.

- 52 жастағы ер адамның өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қалған ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес жария етуге жатпайды, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін Алматыда 6 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шеккенін жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью