СҚО да 48 адам тұмауға жатпайтын вирустарды жұқтырды

04.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жалпы тұмауға жатпайтын вирустарға 380 сынама алынған. Оң нәтиже бергендердің ішінде риновирустардың үлесі жоғары — 58% немесе 28 адам сырқаттанған. Жұқтырғандардың басым бөлігі — 4 жасқа дейінгі нәрестелер. Бокавирус диагнозы 10 адамға қойылса, сырқаттанғандардың дені — ересектер. Аденовирусты 4 адам жұқтырса, ауырғандардың барлығы — 14 жасқа дейінгі балалар. РС-вирусты жұқтырудың 6 дерегі тіркелді.

Эпидмаусым басталғалы облыста ЖРВИ-мен 49 мың адам ауырды. Бұл өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 9% төмен. Сырқаттанғандардың шамамен 32 мыңы немесе 65% — 14 жасқа дейінгі балалар.

Тек өткен аптада ЖРВИ-ді 2,3 мың тұрғын жұқтырып, дәрігер көмегіне жүгінген. Дегенмен суық тиіп ауырғандар 7% төмендеп отыр.

Мамандар аурудың алдын алу үшін спецификалық емес профилактиканы естен шығармауға кеңес береді. Мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға бармау, барған жағдайда бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау — қолды сабынмен мүмкіндігінше жиі жуу керек. Себебі тұмау вирусы тұрмыстық заттар арқылы да жұғады. Дәрігерлер сонымен қатар иммунитетті барлық қолжетімді тәсілдермен — шынығу, жұмыс пен демалыс режимін сақтау, микроэлементтер мен витаминдерге, әсіресе «С» витаминіне бай толыққанды тамақтану қажеттігін еске салады.

Бұған дейін ШҚО-да тұмаумен сырқаттану сегіз есе өскенін жазған едік.

Ал Ақтөбеде балалар арасында қызылша жұқтырғандар саны көбейген.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью