Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 ақпан күні кешкісін «101» нөміріне Айыртау ауданы, Казанка ауылында ғимараттың өртеніп жатқандығы туралы хабар түскен. Оны тұрғындар намазхана ретінде пайдаланып келген.
Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен отқа оранып, шатыр құлаған болатын. Жалынмен күреске ауылдағы өрт сөндіру пунктінің қызметкерлері мен «Достық элеваторы» ЖШС құрамындағы жеке өрт қызметі жұмылдырылды.
Өртті 18 адам және 6 техника сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болған.
Айыртау ауданы әкімдігінің мәліметінше, ғимарат 1956 жылы салынған. Жетпіс жылдық тарихы бар нысанда бұрын дәріхана мен наубайхана орналасқан. Ал 2019 жылы тұрғындарға 30 орындық намазхана ретінде пайдалануға берілген.
СҚО бас имамы Хамзат Әділбековтың айтуынша, намазхана Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасында тіркелмеген.
- Бұл ғимарат тұрғындардың сұрауымен намазхана ретінде пайдаланып келген. Былтыр жазда ауыл тұрғындарымен кездескен кезде, мешіт керек деп айтып еді. Қандай істің болмасын қайыры бар. Бұл оқиға телді мекенде жаңа мешіт салуға түрткі болар, - дейді Хамзат Әділбеков.
Бұған дейін Астанада дәмхана өртенгенін жазған едік.
@panda667.kz #казанка #мечеть #пожар ♬ Minerva - Shah