СҚО да 86 жастағы әже адасып, мұздай суға түсіп кеткен

15.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының тұрғыны үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Көршілері алаңдап, шамамен сағат 21:00-де полицияға жүгінген. Нәтижесінде дереу іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары әйелдің Баянтай ауылы бағытына қарай аудан орталығынан шамамен төрт шақырым кеткенін анықтаған. Көп ұзамай зейнеткерді криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Дастан Таласпаев пен жедел уәкіл Абылайхан Қабдушев тапты.

Фото: СҚО ПД

Шамамен сағат 22:00-де теміржол бойындағы аумақты тексеру кезінде полицейлер қараңғыда бұталардың сынған дыбысын естиді. Дауыстап шақырғанда ешкім жауап бермеген, тек біршама уақыттан кейін ғана ақырын шыққан дауыс естілген. Есту қабілеті нашар әйел фонарь жарығын байқап, көмекке шақырған.

Әйел еріген қар суы толған ойыққа түсіп кетіп, бұталарға шырмалып, өздігінен шыға алмай қалған. Ұзақ уақыт суық суда тұрып қалып, әбден әлсіреген.

Полицейлер зейнеткерді көтеріп алып шықты. Жылытып, үйіне жеткізді. Көршілерінің айтуынша, ол бұрын бағыт-бағдардан жаңылу белгілері болмаған.

Бұған дейін Алматы тауларында екі жасөспірім құтқарылғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью