СҚО да 9 мыңға жуық жаяу жүргінші жолда жүру ережесін бұзған

07.01.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жол ережесін бұзған 9 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы тіркелген 174 жол-көлік оқиғасында 13 жаяу жүргінші қаза тауып, 171 адам жарақат алған.

"Өңірде 593 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 47 адам көз жұмып, 793 адам түрлі деңгейде жараланған. Негізгі себеп — жол қозғалысына қатысушылардың тәртіп деңгейінің төмендігі. Әрбір жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері жолды белгіленбеген жерден кесіп өту деректерінің жүздеген фактісін анықтайды", - дейді тәртіп сақшылары.

Жауапкершілікке тартылған азаматтар заңды қайта бұзу фактілері бар.

Мәселен Мағжан Жұмабаев ауданының 24 жастағы тұрғыны желтоқсан айында Сергеевка аудан орталығында жолды белгіленбеген жерден өткені үшін екі рет жауапқа тартылған.

"Шал ақын ауданының 21 жастағы тұрғыны тіпті өрескел тәртіп бұзушылықтарымен көзге түсті. Ол сәуір және желтоқсан айларында жаяу жүргінші ретінде екі рет жауапқа тартылса, қараша айында ВАЗ-2106 автокөлігін басқару құқығы болмағанына қарамастан, рөлге отырған", - дейді полиция.

Бір жыл ішінде СҚО-да жолды дұрыс емес жерден кесіп өткені үшін 8642 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью