СҚО да адамды қағып, өлтіріп алған көлік жүргізушісі екі жылға сотталды | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Сот отырысына көлік жүргізушілері және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғандар арнайы шақырылды.
СҚО Тайынша ауданы прокуратурасының мәліметінше, оқиға былтыр 30 қыркүйекте «Астана — Петропавл» автожолының 393-шақырымында, Рощинское ауылының маңында болған.
Көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерінің талаптарын өрескел бұзған.
Салдарынан жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен.Ал жәбірленуші кейін медициналық мекемеде қайтыс болды.
Тайынша аудандық сотының үкімімен ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі және 347-бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Сот оны 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, сондай-ақ қосымша 3 жыл мерзімге көлік құралдарын басқаруға тыйым салды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Бұған дейін есірткі тарату және контрабандамен айналысқан қарағандылық сотталғанын жазған едік.
Читать полностью
Читать новость