Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері техникамен және жергілікті арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Қызылжар ауданында 600 қап инертті материалмен толтырылып, судың жолында тұрған бөгетке 180 метр полипропилен төселді. Бұл шаралар елді мекендерді су басу қаупін төмендетеді.
Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, өңірде қазір Алматы облысынан келген 100 әскери қызметші жұмыс істеп жатыр.
— Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінен келдік. Өзімізбен бірге 80 техника әкелдік, жүзу құралдары, мотопомпалар бар.
Қазір екі топқа бөлініп жұмыс істеп жатырмыз. Елу адам Петропавлдағы Заречный кентінде, қалғаны Қызылжар ауданында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысады, — дейді батальон командирі Жасұлан Хамитов.
Бұған дейін СҚО-дағы Үлкен Тораңғұл көліндегі ылғал қоры былтырғымен салыстырғанда биыл 74% төмен екенін жазған едік.