Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
СҚО ветеринария басқармасының басшысы Жанат Әміржановтың айтуынша, биылға негізгі міндет - ветеринариялық іс-шараларды уақтылы және сапалы жүргізу. Биыл өткен жылмен салыстырғанда вакцина егу көлемі 29% немесе жануарлар мен құстарға вакцина егу бойынша 1,4 млн-нан астам манипуляцияға артады.
Сондай-ақ, 57 ветеринариялық пункт және 2 аудандық ветеринариялық станция сатып алу жоспарланып отыр.
Мәселен, Жамбыл ауданының Кладбинка, Благовещенка және Буденное ауылдарына үш ветеринариялық пункт сатып алынбақ.
- Ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын жақсарту және ветеринариялық іс-шараларды уақтылы жүргізу өңірдің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін, қолайлы эпизоотиялық жағдайын қамтамасыз етудің кепілі.
Былтыр тек осы ауданда ғана 428 мың вакцина егіліп, 94 мыңға жуық диагностикалық зерттеу жүргізілді. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорына 28 мыңнан астам төл енгізілді.
Биыл ауданда 460 мыңға жуық вакцина егу, 86 мың диагностикалық және аллергиялық зерттеулер жүргізу жоспарланған, - дейді Жанат Әміржанов.
СҚО-да биыл да мал қорымдарын салу, көмекші ветеринариялық жабдықтар сатып алу бойынша жұмыс жалғасады.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қазақстанда мал ауруы 51% төмендегенін айтқан еді.