Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Көркем фильмнің түсірілімі былтыр басталған еді. Болашақ картинаның кей эпизодтары Айыртау ауданында, «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы аумағында түсірілді.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағалидің айтуынша, ғажайып тарихи фактіні дәлелдейтін және зерделейтін фильмнің атауы - «Ботай. Ғайып ғалам».
Көркем фильм биылғы 24 киножобаның қатарына енді.
Фото: Құрманбек Жұмағали- Бұл - шынайы оқиғаларға негізделген шытырман боевик, жарқын эпизодтарға, әсерлі сәттерге және тарихи сырға толы жоба. Картинaда шамамен 6 мың жыл бұрынғы Ботай мәдениеті негізге алынған, әрі Қазақстан аумағында адамзат тарихының ең маңызды жетістіктерінің бірі – атты қолға үйретудің алғашқы іздері көрініс табады.
Осындай тарихи фактілерді біз қоғамға жеткізуіміз маңызды деп есептеймін. Жуырда жобаның шығармашылық тобымен кездестім. Алдағы жоспарларымен танысып, өндіріс барысын талқыладық. Көрерменді таңғалдыратын әсерлі нәтиже шығатыны сөзсіз, - деді Құрманбек Жұмағали.
Бұған дейін кинотеатрлар ұлттық фильмдерді көрсетуге қызығушылық танытпай отырғанын жазған едік.