Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
СҚО фтизиопульмонология орталығының мәліметінше, дәрігер есебінде тұрғандардың бесеуі – бала. 139 науқаста туберкулездің көптеген дәріге төзімді түрі анықталған.
Бұдан бөлек толық ем алған, бірақ бақылауда тұрған 397 адам, оның ішінде 10 бала бар. Ал 7 адамның дертті науқаспен қатынаста болып жұқтырғандығы анықталды.
- Туберкулез ауруынан көз жұмғандар саны азайып келеді. 2015 жылы 22 адам қайтыс болса, былтыр 8 науқас дүниеден өтті. Олардың барлығында туберкулез асқынған. Сонымен қатар 87,5% (7 адам) – 2-уі ВИЧ-пен есепте тұрған, қалғандары нашақорлар мен маскүнемдер. Сондай-ақ олардың алтауы еш жерде жұмыс істемеген, екеуінің тұрғылықты мекенжайы болмаған, - дейді орталық мамандары.
Туберкулез жұқтырғандардың орташа жасы – 20-50 аралығында. Сондай-ақ, бұл дертпен ер адамдар көбірек ауырады, сырқаттанғандардың 30% ғана әйелдер.
- Былтыр ауырған 167 науқастың 77-сі – жұмыссыз, 7-уі – студенттер мен мектеп оқушылары, 43-і – зейнеткерлер, 26-сы – маскүнемдер мен нашақорлар және 17-сі – ВИЧ жұқтырғандар. Тұрмыс жағдайы жақсы адамдар туберкулезбен өте сирек ауырады. Олардың бойында басқа қосымша аурулар – қант диабеті, өкпенің созылмалы ауруы, т.б. болуы мүмкін. Олар қатер тобына жатқызылып, жылда флюорографиялық тексерулерден өтеді, - дейді дәрігерлер.
Бұған дейін Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық 13%-ға, өлім-жітім 25%-ға төмендегенін жазған едік.