СҚО да дәрігерлер салмағы небары 1,6 кг шақалаққа ота жасап, аман алып қалды

26.01.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестенің анасы жүктілігі бойынша медициналық тіркеуге тұрмаған. Сондай-ақ әйел ауруханаға жетпей жолда босанып қалған. Салдарынан бала шала туып, салмағы небәрі 1600 грамм ғана болды. Өте ауыр халде ол алдымен Облыстық перинаталдық орталыққа жеткізіліп, жағдайы біршама тұрақтанған соң, жедел түрде Көпбейінді облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. 

Тексеру барысында дәрігерлер баладан ауыр туа біткен даму ақауын - аші ішектің атрезиясын анықтады. Бұл - ішектің толық дамымай, бітелуі, хирургиялық араласусыз сәбидің өмір сүруі мүмкін емес.

- Петропавлдағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасының тәжірибесінде адам сенгісіз, нағыз медициналық ғажайыпқа тең келер оқиға тіркелді. Хирургтар мен реаниматологтардың жоғары шеберлігі мен төзімінің арқасында нәресте өмірі сақталды.

Жағдайды баланың салмағының аздығы және ағзасының жетілмегендігі одан әрі қиындата түсті. Сәбидің өмірі үшін көпсалалы медициналық команда күресті, - дейді басқарма өкілдері.

Нәтижесінде сәбиге колостомия - баланың ауыр жағдайына байланысты ішекті уақытша босату үшін жасалған мәжбүрлі шара қолданылды. Сондай-ақ асқазан-ішек жолының тұтастығын қалпына келтіруге бағытталған ота жасалды. Дәрігерлер бұл операцияны медицинадағы «зергерлік» деп бағалап отыр. 

- Салмағы небәрі 1,6 келі болатын нәрестеге ота жасау – аса дәлдікті талап ететін жұмыс. Мұнда әрбір миллиметр маңызды. Алайда операциядан кейінгі кезең де кем түскен жоқ. Аурухананың реаниматологтары сәби ағзасының өмірлік маңызды қызметтерін тұрақтандыру, тынысын дұрыстау, қоректендіру және инфекциялардан қорғау бағытында орасан еңбек сіңірді, - дейді мамандар. 

Жүктілік кезінде бақылаудың болмауына және сәбидің аса төмен салмағына қарамастан, Петропавлдағы Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының хирургтары, анестезиолог-реаниматологтары мен неонатологтарының бірлескен еңбегінің арқасында бала аман қалды. 

Бұған дейін Шымкентте дәрігерлер 4 жасар баланың ішіндегі үлкен ісікті күрделі ота жасап, алып тастағанын жазған едік

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью