СҚО да эпидмаусым басталғалы 47 мыңға жуық адам ЖРВИ мен ауырды

27.01.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депарменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов өңірдегі эпиджағдайға тоқталды. 

Эпидмаусым басталғалы СҚО-да ЖРВИ-мен ауырудың 46 680 жағдайы тіркелді. Сырқаттанғандардың 65% — 14 жасқа дейінгі балалар.

Өткен аптада 2 521 адамға ЖРВИ диагнозы қойылды, ауырғандар саны алдыңғы аптадағы деңгейде сақталып тұр. 

— Өңірде тұмауға және тұмауға жатпайтын вирустарға тұрақты мониторинг жүргізіледі. А/Н3N2 типті тұмауды жұқтырудың зертханамен расталған 221 жағдайы тіркелді. Оның131-і ересектер арасында тіркелген.

Ал тұмауға жатпайтын вирустарға келер болсақ, риновирусты 24 адам, боковирусты — 10, аденовирусты — 4 және ресвирусты 3 адам жұқтырған, — дейді. Арман Күшбасов.

Медицина ұйымдарында жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында фильтр-кабинеттер жұмыс істейді.

— Олар емханалардың бірінші қабатында, кіреберіске жақын орналасқан. Ауру белгілері байқалған жағдайда тұрғындарға бірден осы кабинетке жүгініп, дәрігер қабылдауына бару ұсынылады. Бұл — емханаға келген басқа адамдарға вирус жұқтырмау үшін қолға алынған шара, — дейді Арман Күшбасов.

Қазіргі уақытта облыстың білім беру мекемелерінде вирустың таралуына байланысты сыныптар мен мектептердің қашықтан оқыту форматына көшу фактілері тіркелген жоқ.

Бұған дейін Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру, сондай-ақ оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркеуге алынбағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью