Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, өткен тәулікте Шөптікөл ауылы маңында Есіл өзенінің суы деңгейі 160 см-ге көтерілген. Дружба ауылының тұсында 12 см-ге, Тоқсан би елді мекенінің маңында 89 см-ге төмендегенімен, бұл уақытша құбылыс. Алдағы күндері су деңгейі қайта көтерілмек. Өйткені Ақмола облысынан жоғары ағыстан су келе бастады. Салдарынан, мамандардың айтуынша, 3-5 сәуір күндері кей жерлерде қауіпті деңгейден асып, өзендер тасуы мүмкін.
Гидрологиялық мониторинг деректеріне сүйенсек, қазір өңірдегі өзендерде мұз жағаға үйілген, ал Бабық Бұрлық, Шарық, Иманбұрлық сияқты шағын өзендерде мұз жоқ.
Сергеев су қоймасында өткен тәулікте су деңгейі 17 см-ге көтерілді. Гидрологиялық нысан 108% толып, асып-төгілу биіктігі 45 см-ге жетті.
Бұған дейін СҚО-да су тасқыны жағдайы бақылауға алынып, тәулік бойы кезекшілік енгізілгенін жазған едік.