Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Күдіктінің айтуынша, ол бумаларды Астанадан алып, Петропавл аумағындағы жасырын орындарға орналастыруы тиіс болған. Алайда жоспарын жүзеге асырып үлгермей, полиция қызметкерлерінің қолына түскен.
"Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 273 грамнан асатын синтетикалық α-PVP есірткісі екені анықталды. Осылайша, полицейлер бірнеше мың дозаның қала көшелеріне таралуына жол бермеді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды". СҚО ПД баспасөз қызметі
Айта кетсек, есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу фактісі бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.