СҚО да кәріз құдығынан екі жұмысшының денесі табылды

22.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, оқиға Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында орналасқан «Айыртау-Коммун-Сервис» ЖШС аумағында болған.

22 сәуір күні шамамен сағат 15:00–де кәсіпорынның кәріз сорғы станциясында 50 жастағы слесарь Дмитрий Титарев пен 48 жастағы электрик Владимир Прохоров мерт болды. Олардың денелері нысан аумағындағы құдықтан табылды.

Мамандардың болжамынша, жұмысшылардың өліміне белгісіз газдардан улану себеп болуы мүмкін. 

Аталған дерек бойынша жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне ресми түрде хабарлама жолдаған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы тергеу комиссиясы құрылатын болады.

Құзырлы органдар өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеріп, қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты зерттемек.

Бұған дейін Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы мерт болғанын жазған едік

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью