СҚО да күн жылынғанымен ЖРВИ жұқтырғандар саны азаймай отыр

21.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы эпидемиялық маусымда ЖРВИ-ді жұқтырудың 73 447 жағдайы тіркелді. Бұл оның алдындағы кезеңмен салыстырғанда 7,7% төмен. 

Вирустық инфекцияны жұқтырғандардың 63% — 14 жасқа дейінгі балалар.

Осы эпидемиялық маусымда A (H3N2) немесе «Гонконг» деп аталып кеткен тұмауды жұқтырған 221 адам дәрігер көмегіне жүгінді. Мұнда да сырқаттанғандардың басым бөлігі — балалар. 14 жасқа дейінгі 89 бала тұмау жұқтырған.

Бұдан бөлек тұмауға жатпайтын вирустардың 102 жағдайы анықталды, атап айтқанда: риновирустармен — 61, бокавирустармен — 10, аденовирустармен — 4 және РС-вируспен 27 адам ауырған.

Мамандар ЖРВИ мен тұмау белгілері бірдей: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі болатынын ескертеді. ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініп, дәрігерді үйге шақырып, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Өздігінен емделудің соңы асқынуға әкеліп, өкпе қабынуы мүмкін. 

Бұған дейін СҚО-да күн жылынғалы кене шаққан жүзге жуық адам дәрігерге қаралғанын жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью