Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Орман шаруашылықтарының лауазымды адамдары орман шаруашылықтарының 33 қызметкерімен жасалған еңбек шарттары туралы міндетті мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізбеген, бұл Еңбек кодексінің талаптарына қайшы келеді және азаматтардың еңбек қатынастарын тиісінше ресімдеу, еңбек өтілін растау құқығын шектеген.
Сонымен қатар, жұмыс уақытын есепке алу тәртібінде заң бұзу анықталды, соның нәтижесінде жекелеген қызметкерлерге олардың жұмыс орнында нақты болмаған кезеңдері, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған күндері үшін жалақы есептеліп, төленген.
Қабылданған шаралармен 33 қызметкердің құқықтары қалпына келтірілді-еңбек шарттары туралы мәліметтер ЕШЕАБЖ-не толық көлемде енгізілді, азаматтардың өздерінің еңбек қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Негізсіз төленген жалақы сомасы бюджетке өтелді, 19 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетелік Қостанай облысында құрылыс талаптарын бұзған компаниялар жауапкершілікке тартылды.